Архив событий

25/09/2017

Судьялар Елбасы мақаласын талқылады

25/09/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Автокөлікті масаю күйінде басқарған

25/09/2017

Мұнайлы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Б., Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-1 селосы ораталық тас жолының бойында автокөлігін алкогольдік мас күйінде басқарған.

Дау медиация тәртібімен реттелді

25/09/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы ЖК В.  жауапкер «S» ЖШС-нен  2 807 200 теңге қарыз ақыны және 1 950 512 теңге айыппұлды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Коммуналдық төлемақы өндірілді

25/09/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-ның жауапкер С-дан 36 333 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарды өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Қазақстан Республикасы АПК-ның 145-бабының 1-бөлігіның 1) тармақшысына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған.

Тараптар дауды партисипативтік келісіммен аяқтады

25/09/2017

Ақтау қаласының №2 сотында Г.-ның жауапкерлер П., Н.,З,О.-ға берген пәтерден шығару  және  П.-ның  Г.ға берген сатып алу – сату шартын бұзу туралы  азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа берген талап арызында пәтердің иесі екендігін, оның пәтерге жеке меншік құқы тиісті органда тіркелгенін көрсетіп, жауапкерлерді пәтерден шығаруды сұраған.

3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

25/09/2017

Ақтау қалалық сотында Д.-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сотта анықталғандай, Д.,  өзінің Ақтау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, тағы да автокөлігін жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарып келе жатқан кезінде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Азаматтық іс медиативтік келісіммен аяқталды

25/09/2017

Ақтау қаласы №2 сотында талапкер Н-ның жауапкер Б-дан құрал-жабдықтарды жалдау туралы келісім шарт бойынша  қарыз ақшаны, өсімпұлды, өкіл көмегіне төленген және сот шығындарын өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Негізсіз төленген жәрдемақы өндірілді

25/09/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Әлеуметтік төлемдерді ведомствовалық есептеу орталығы» департаментінің жауапкер С.-ға  қатысты 168 214 теңге негізсіз төленген жәрдемақы соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Билік өкiлiне қатысты күш қолданған

25/09/2017

Қарақия  аудандық сотында Р-ға қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен  (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) қылмыстық іс қаралды.

Ұрлық жасаған

25/09/2017

Ақтау қалалық сотында сотталушы П. мен М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, сотталушы П., Ақтау қаласының дарынды балаларға арналған мектебінің ғимаратына жасырын, терезесін бұзып  кіріп, барлығы 379 000  теңгені құрайтын монитор, процессор, моноблоктарды ұрлап, материалдық шығын келтірген.

Талапкердің құқығы қорғалды

25/09/2017

Ақтау қаласының №2 сотында  П.-ның Банкке заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен  азаматтық іс қаралды

Автокөлігін қасақана, көрінеу жалған нөмір белгісімен жүргізген

25/09/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   И.  Ақтау қаласы, 22 шағын аудан, «Салтанат» базарына қарсы тас жолда автокөлігін қасақана, көрінеу жалған «R 198 BPM» мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен  жүргізіп, жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.