Архив событий

29/09/2017

Ақтау қаласының №2 сотына жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

29/09/2017

Бүгін Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а.   Нұрсапа Примашев Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен тағайындалған  Ақтау қаласының №2 сотының  судьясы Ержанова Райхан Шалдарқызын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Хаттаманы құрастыру және әзірлеу мәселелері талқыланды

29/09/2017

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Хаттаманы құрастыру және әзірлеу мәселелері» атты тақырыпта семинар сабағы өтті.  

Іс-шараға сот төрағасы  А. Ізбасаров, судьялар, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Медиативтік келісім бекітілді

29/09/2017

Ақтау қалалық №2 сотында талапкер К-ның жауапкер О-ға, үшінші тұлға банкроттық басқарушы А-ға ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту туралы өтініш жасады.

Ұсақ бұзақылық жасаған

29/09/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азаматша А.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

29/09/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Қарақалпақстан Республикасының азаматы  Б.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Суық қару табылған

29/09/2017

Ақтау қалалық сотында М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М., Ақтау қаласы, 1 шағын аудан, №21 үйінің подъезінде 7,69 грамм есірткі заты марихуананы 4000 теңгеден заңсыз өткізген. Одан басқа, соңғының үйінен сарапшы қорытындысы бойынша суық қару ретінде танылған кастет табылған.

Заңсыз автокөлікті айдап кеткен

29/09/2017

Ақтау қалалық сотында Я.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Я. Ақтау қаласы,6 шағын аудандағы үйдің алдындағы автотұрақта  тұрған А.-деген азаматтың меншігіндегі «Шевролет Круз» маркалы автокөлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз айдап кеткен.