Архив событий

19/09/2017

Жас судьялардың біліктілігі шыңдалды

19/09/2017

Маңғыстау облыстық сотында жас судьялар қылмыстық және азаматтық істер бойынша көрініс ретінде сот процестерін өткізді.

Іс-шараға алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары, жас судьялар қатысты.

Коммуналдық төлемақы өндірілді

19/09/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-ның жауапкер А-дан 42 393 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарды өндіру туралы азаматтық ісі  қаралды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшысына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған.

Бюджеттік несиені және көтерме жәрдемақыны өндіру туралы 4 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

19/09/2017

Қарақия аудандық сотында  талап қоюшы «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің» жауапкерлер Р., С., Е., Д-дан  бюджеттік несие бойынша берешегін және көтерме жәрдемақыны өндіру туралы төрт азаматтық іс  оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Медиациямен отбасы сақталады

19/09/2017

Ақтау қаласының №2 сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Талап қоюшы К. талап арызында жауапкермен  2013 жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден араларында кәмелет жасына толмаған екі балалары барын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, балалардың тәрбиесімен айналыспайтынын көрсетіп, сотқа жүгінген.