Архив событий

06/09/2017

Қарызға алған азық-түлік ақысын төлейтін болды

06/09/2017

Мұнайлы аудандық сотында азаматша У-ның жауапкер Т-дан  қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысының барысында анықталғандай, 2017 жылғы қаңтарда жауапкер Т. талапкер У-дың жеке дүкенінен 100 700 теңгеге азық-түлік алып, оны наурыз айының соңына дейін төлеуге міндеттенеді. Алайда, көрсетілген мерзімде қарызын төлемеген. Талапкер өз құқықтарын қорғау мақсатында  100 700 теңге көлемінде  қарызды, адвокаттық қызметін және мемлекетік бажды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот ғимараттарын күзету және келушілерді кіргізу мәселелері пысықталды

06/09/2017

Маңғыстау облыстық сотында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын   алу мәселелерін талқылау бойынша семинар кеңес өткізілді.

Жиынға ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің және мамандандырылған күзет қызметі  басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жиында сот ғимараттарында «Шабуыл»  жедел- тактикалық оқу- жаттығуларын өткізуді бірлесе бекіту мәселелері талқыланды.

Жарылғыш зат барын айтып, жалған хабарлаған

06/09/2017

Жаңаөзен қалалық сотында С.-ға қатыстықылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес,сотталушы С. алкогольден масаң күйде, отбасындағы қиыншылықтардан туындаған күйзеліс жағдайында Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының №102 нөміріне қоңырау шалып, «Жаңаөзен қаласы, «Самал» шағын ауданында орналасқан «Зиба» сауда ойын-сауықтыру кешені ғимаратының жертөлесінде жарылғыш зат бар, ол 5-6 минуттан кейін жарылады» деп, терроризм актісі туралы қасақана көрінеу жалған хабарлаған.

Маңғыстаулық соттар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан шет қалған жоқ

06/09/2017

Жыл сайын Маңғыстау облысында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Аталған акциясының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындық жұмыстарына материалдық жағынан көмек көрсету.

Осы орайда үшінші билік өкілдері Білім күні қарсаңында жер-жерлерде қайырымдылық акцияларын өткізіп, бірқатар балалар мен жасөспірімдерге қуаныш сыйлады.

Норкологиялық диспансер күзет агенттігінің үстінен арыз жазды

06/09/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Облыстық норкологиялық диспансер» ШЖҚ МКК-нің «Скорпион» Күзет агенттігі» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жалға берілген көлік дауы келісіммен аяқталды

06/09/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер «В»-ның«S» ЖШС-нен 2 807 200 теңге қарыз ақшасын және 1 950 512 теңге айыппұлды өндірутуралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар арасында 2016 жылы 18 қазанда көлікті жалға беру туралы келісімшарт жасалғаны, алайда келісімшарт бойынша жауапкер өз міндеттерін тиісінше орындамағаны анықталды. Сот отырысында тараптар өзара бір келісімге келіп, соттан медиативтік келісімді бекітуді сұрады.

Осылайша дау медиация жолымен реттеліп, іс өндірісі тоқтатылды.

Борышкерлермен күрес мәселелері талқыланды

06/09/2017

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Алимент қарыз емес, парыз!» атты айлық аясында «ҚР ҚК-нің 139-бабын сот практикасында қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жалпы конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер

06/09/2017

2017 жылдың 4 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің жалпы конкурстық комиссиясының отырысы өтіп, конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілді:

1. Джантуганова Мария Абубакировна;

2. Матчанова Жанат Нурхановна;

3. Бухарова Жулдызай Суевовна;

4. Өтебай Айгерім Жақсылыққызы;