Аудандық соттар да балаларды мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық  көрсету, олардың құқықтарын  қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында. Бүгінде балалармен тұрақты түрде кездесу, оларды мерекемен құттықтау  судьялар үшін ізгі дәстүрге айналды. Себебі, мұндай шара Маңғыстау облыстық сотынан бастап, барлық аудандық соттарда өз жалғасын тапты.

 «Балаларды қорғау күні» мерекесінің қарсаңында Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы науқас балаларды мерекемен құттықтап, жеміспен толтырылған себетті сыйға тартып,  қаржылай көмек көрсетті.  

Түпқараған аудандық сотының ұжымы аз қамтылған балаларға арнап мерекелік дастарқан жайып, балаларға арнайы сыйлықтар табыстады.

Мерекелік шара Ақтау қалалық және Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында жалғасты.

Ақтау қалалық сотының ұжымы «өз қамқорлықтарындағы» науқас балаларды құттықтап, оларға сан түрлі тәттілер мен ойыншықтар тарту етті.Сондай-ақ, сот ұжымы Ақтау қалалық балалар үйіне де барып, балаларды қуантты.

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Ақтау қаласындағы балалар үйіне барып, қажетті құрал-жабдықтар апарып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы да аталған шарадан тыс қалмады. Сот төрағасы М.Күздеубаев  әлеуметтік жағынан аз қамтылған  екі баланың үйіне барып азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетіп,  балалар біздің болашағымыз екенін айтып,  оларға зор денсаулық тіледі.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі