Архив событий

08/06/2017

Қоғамдық орынды ластаған

08/06/2017

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен Ә-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Студенттер Ақтау қаласының №2 сотының жұмысымен танысты

08/06/2017

Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық сауаттылық  айлығы аясында Ақтау қаласының №2 сотында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары және  студенттерімен кездесу өткізілді.

Алқабилер қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің барысы талқыланды

08/06/2017

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  қызметкерлері «Болашақ» колледжінің студентеріне «Алқабилер қатысуымен қаралатын қылмыстық істер» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.

Атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту және негізсіз кері қайтарудағы атқару парақтары мәселелері талқыланды

08/06/2017

Маңғыстау облыстық сотында «Атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту және негізсіз кері қайтарудағы атқару парақтары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Соттар әкімшісінің басшысының орынбасары Аманбек Калпаков, өңірлік соттардағы  кеңсе меңгерушілер,  жеке сот орындаушылар қатысты.