Архив событий

06/06/2017

Сот шешімімен қарыз өндірілді

06/06/2017

Жаңаөзен қалалық сотында  талапкер О-ның  жауапкер У-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған тәртіппен қаралды.

 Сотта анықталғандай, 21 қаңтар 2015 жылы жауапкер У. талап қоюшы О.-дан 548 000 теңгеге құндыз тонды 07 қараша 2015 жылға дейін қарызға алған, бұл жауапкердің 21 қаңтар 2015 жылы қолхатымен расталған.

Аудандық сотта Елбасы мақаласы талқыланды

06/06/2017

Түпқараған аудандық сотында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Н.Тұржанов және судьялар, сот қызметкерлері, прокуратура, аудандық  құқық қорғау органдары және әділет басқармасы қызметкерлері қатысты.