Архив событий

16/06/2017

Ақтау гарнизонының Әскери соты жаңа ғимаратқа көшті

16/06/2017

Мемлекет басшысы Судьялар одағының VI съезіндегі сөзінде  «Ұлттың жетілгендігінің XXI ғасырдағы аса маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот жүйесінің болуы», - деп нақты айтты.

Ақтау қалалық сотының екінші қабатында орналасқан Ақтау гарнизоны Әскери соты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген бұрынғы облыстық соттың ғимаратына көшті.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған

16/06/2017

Мұнайлы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Т., автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосындағы орталық  жол бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылды

16/06/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ж., 2017 жылдың  мамыр айында    автокөлігін  Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ шағын ауданы, Бейбітшілік көшесі бойында орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде жүргізген.

Облыстық сотта "Судьялық әдеп кодексі" талқыланды

16/06/2017

Маңғыстау облыстық сотында «Судьялық Әдеп кодексі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, облыстық соттың судьялары қатысты.