Архив событий

02/06/2017

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

02/06/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Әзербайжан Республикасының азаматшасы Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

02/06/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608- бабының 1-бөлімімен   Ш-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ш. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол қозғалысы Ережелерінің 2.4.2 тармағында қаралған тәртіпті бұзған.

Ұсақ бұзақылық жасаған

02/06/2017

 Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  (ұсақ бұзақылық)  Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аудандық соттар да балаларды мерекесімен құттықтады

02/06/2017

1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық  көрсету, олардың құқықтарын  қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында. Бүгінде балалармен тұрақты түрде кездесу, оларды мерекемен құттықтау  судьялар үшін ізгі дәстүрге айналды. Себебі, мұндай шара Маңғыстау облыстық сотынан бастап, барлық аудандық соттарда өз жалғасын тапты.