Есірткі сатып, сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотымен сотталушы Н-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Н.   қасақана, пайдақорлық ниетпен, өзінде марихуана есірткісін  сақтап, азамат С-ға 4 000 теңгеге  жалпы салмағы 6,63 гр. болатын  марихуана есірткі затын өткізген. 

Сот үкімімен  Н.   ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өзіне тиесілі жеке мүлкі тәркіленіп, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Сонымен қатар, сотталған Н-ға ҚР ҚК-нің 91-бабының 1-бөлігінің 4-тармағына сай, жаза өтеу мекемесінде нашақорлықтан еріксіз емдеу тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі