Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру бойынша тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Мұнайлы аудандық сотында талапкер К.-ның жауапкер М.-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды және сот шығындарын өндіру азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М. басқаруындағы автокөлігімен  жол жүрісі ережесінің талаптарын бұзып,  талапкер К-ның  басқаруындағы «Daewoo Nexia» автокөлігіне соқтығысып жол-көлік оқиғасын жасаған. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан талапкерге 370 222 теңге материалдық залал келтірілген.

Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен  М. кінәлі деп танылған.

Сот отырысында тараптар төмендегідей медициялық келісімге келді; талапкер  К. талап етіп отырған ақша 370 222  теңгені 180 000 теңгеге дейін азайтады, ал  жауапкер М. өз кезегінде талапкерге 50 000 теңге төлеп береді, қалған 130 000 теңгені 2017 жылдың 30 шілдесіне  дейін  төлеуге міндеттенеді.

Ал, талапкер К-нің сотқа келтірген талабынан бас тартады және бұдан былай осы талап бойынша сотқа жүгінбеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен медициялық келісім бекітіліп, іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар