Жол ережесін бұзып, жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігімен (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Т. өзінің басқаруындағы көлік құралын Ақтау қаласы, 23 шағын ауданында орналасқан «АсарС» базарына қарсы тас жолда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, үздіксіз ақ жолақты қиып, кедергіні айналып өтіп, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып жүргізген.

Сот қаулысымен  Т. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Қаулы заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі