Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Ақтау қаласы №11 мамандандырылған  физика-математикалық мектебінің жеке кәсіпкер Ж-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  жеке кәсіпкер Ж.  мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып,  жеңімпаз болып табылып, тараптар арасында қабырға экраны мен проекторды  жеткізу туралы шарт жасақталған. 

Алайда,  жауапкер тарапынан шарт міндеттемелері орындалмаған, тауарды  жеткізуден бас тартқан.

Сотпен жеке кәсіпкер Ж. мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде қалыптастырылады және сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Шешім заңды  күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі