Жауапкер жалдау ақысын төлемеген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Маңғыстау облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» ММ-нің жауапкер Б-дан 411 188 теңге қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  тараптар арасында мүлікті жалдау туралы келісім шарт жасақталып, шарттың міндеттемелері бойынша талап қоюшы Ақтау қаласы, 3 «Б» ш/а, 16 ғимаратында орналасқан тұрғын емес жайды жауапкердің уақытша иеленуіне және пайдалануына беруге, ал жауапкер жалдау ақысын төлеп тұруға міндеттенген.

 Талап қоюшымен өзінің міндеттері тиісті түрде орындалған, объект жалға алуға берілген, алайда жауапкермен өзіне артылғын міндеттемелері тиісті түрде орындалмағандықтан  талап қоюшыға 411 188 теңге қарыз сомасы пайда болды.

Аталған  азаматтық іс оңайлатылған тәртіппен қаралып, талап қоюшы талабы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі