Жасанды алкоголь өнімдерін сатқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Т. тергеп-тексеру барысында анықталмаған белгісіз тұлғалардан ЖШС атынан сату мақсатында «Тайга», «Тайга Siberian Deer», «Снежная королева», «Парламент» және «Империал» маркалы көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкогольдік өнімдердің әртүрлі маркасынан 5000  данасын сатып алған. Оның 54 данасын 20 256 теңгеге өткізіп үлгерген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Т. ҚР Қылмыстық Кодексінің 233-бабының 2-бөлігімен (көрінеу жалған акціздік маркаларды немесе есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу) кінәлі деп танылып, залалды өз еркімен өтеуіне байланысты  қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірісі қысқартылды.

Заттай дәлелдемелер  4246 дана әртүрлі алкоголь өнімдері жойылып, 20 256 теңге ақша мемлекет пайдасына аударылды.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі