Ұсақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен (Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер)  Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, Б. бір жыл ішінде қайталап, 18.05.2017 ж. темекінің  қалдығын арнайы қоқыс  салатын жәшікке тастамай, қасақана оны белгіленбеген  жерге тастап,  ортақ пайдалану орындарын ластап, қоғамдық  тәртіпті бұзып, яғни  ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен  Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434- бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу туралы әкімшілік  жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі