Ұсақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  (ұсақ бұзақылық)  Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Р. Ақтау қаласы, 1 шағын ауданда орналасқан 29 үйдің жанында темекі  шегіп, оның тұқылын қоқыс салатын жәшікке салмай жерге тастап, көпшілік жүретін орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен Р. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл сомасы 22 690 теңге 30 пайызға қысқартылып, 15 883 теңгеге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі