Ұрлық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында сотталушы П. мен М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, сотталушы П., Ақтау қаласының дарынды балаларға арналған мектебінің ғимаратына жасырын, терезесін бұзып  кіріп, барлығы 379 000  теңгені құрайтын монитор, процессор, моноблоктарды ұрлап, материалдық шығын келтірген.

Одан әрі, сотталушы П.,  М.-мен алдын ала сөз байласып, сол тәсілмен «Каспий-Берекет» ЖШС-не тиесілі дүкенінің ішіне кіріп, жасырын  түрде жалпы сомасы 265 000 теңгені құрайтын азық-түлік тауарларын, 116 500 теңге тұратын электрондық өлшегішті және 700 теңге ақшалай қаражатын, 7 500 теңгеге бағаланған мұздатқыштың жайма сөресін сындырып, нәтижесінде,   «Каспий-Берекет» ЖШС-не тиесілі дүкеніне 389 700 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Ақтау қалалық  сотының үкімімен  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3) тармақтарымен П. және М. кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы қолданылып, жаза сол мерзімге шартты тағайындалды. Одан басқа, соңғыларға пробациялық бақылау белгіленіп, міндеттер орындау жүктелген.

Сотталушылардан жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығын мен  мемлекет пайдасына  мемлекеттік баж өндірілді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген.

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі