Талапкердің құқығы қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында  П.-ның Банкке заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен  азаматтық іс қаралды

2015 жылдың 17 сәуірінде талапкер мен жауапкер арасында банк заем келісім шарты жасақталған, келісім шарты бойынша Банк талапкерге тұтынушылық мақсатқа несие берген.

Келісім шарттың 1.2 тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес талапкер ай сайын қарызға қызмет көрсету үшін 11 295 теңге мөлшерінде комиссия төлейді.

Соттың шешімімен П.-ның талап арызы қанағаттандырылды, жоғарыда көрсетілген келісім шарттың бөлігі заңсыз деп танылып, Банкке сотқа талап арызбен жүгінген күнге дейін төленген комиссия талапкердің пайдасына өндірілді.

Сот, құқықтық нормалардың талаптарын ескере отырып, талапкердің қойған талаптарын заңды және негізді деп таныды, сондай-ақ, Банктің талапкерге ай сайын қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеуді міндеттеуі талапкердің тұтынушы ретінде құқығын бұзады және келісім шарттың бұл бөлігі заң талаптарына сай келмейді деп тұжырымдады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі