Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жою мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шараға судьялар және   сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында сөз алған судья А.Конусов «Біздің елімізде қазіргі заманға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейді, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады,  онымен қоса бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда»,- деді. Сондай-ақ, ол кез келген мемлекеттік қызметші бойын аталған құқық бұзушылықтан аулақ ұстап, елге адал қызмет ету басты парыз екенін тілге тиек етті.

 Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі