Судьялар Елбасы мақаласын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар, ардагер судьялар, сот қызметкерлері қатысты. Елбасымыз Н.Назарбаевтың мақаласын талқылау, оған қатысты ұсыныс-пікірлер білдіру мақсатында ұйымдастырылған шарада сот төрағасы А.Тленов Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын,  ондағы ерекше маңызды екі процесс – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру қолға алынғанын атап өтті.

Дөңгелек үстелде Маңғыстау облысының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Бекболатов  дана  бабаларымыздың материалдық артықшылықтан рухани құндылықты жоғары қоятынын әр ұстанымынан, күнделікті тұрмыс-салтынан білуге болатындығын, Елбасымыздың мақаласы сол елдік мұрағатты санамызда қайта жандандыруымен құнды екендігін айтты.

Сот саласында  35 жыл судья болып қызмет атқарған И.Орынбаев Елбасымыздың жолдауындағы әділ сот орнату, құқықтық мәдениетке тоқталып, халыққа қызмет ету бағытында жұмыс істеу керектігін жеткізді. Мемлекеттің рухани дамуының басты шарты – оны құраушы шаңырақтың шайқалмауына көңіл аудару қажеттігі жайында әңгімеледі. Өзінің сот жүйесіндегі еңбектеріне ерекше тоқталып, сот саласының қызметкерлеріне адалдық пен абыройды жоғары қойып, пара алуға жол бермеудің  маңызы туралы ой-пікірлерін айтты.

Қазіргі жаҺандану кезеңінде жойылып кетуден аман қалуын ойлаған әрбір халық алдымен өзінің байырғы рухани тектік қасиеттерін мейлінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергені жөн.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі