Сот шешімін орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 669-бабымен К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Маңғыстау облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімінің негізінде борышкер К.  талапкер Ж-ның  пайдасына 1 561 981  теңге өндіру туралы атқару құжатын орындаудан жалтарған.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге айыппұл жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі