Сот шешімімен қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында  талапкер О-ның  жауапкер У-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған тәртіппен қаралды.

 Сотта анықталғандай, 21 қаңтар 2015 жылы жауапкер У. талап қоюшы О.-дан 548 000 теңгеге құндыз тонды 07 қараша 2015 жылға дейін қарызға алған, бұл жауапкердің 21 қаңтар 2015 жылы қолхатымен расталған.

Сотпен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 272-бабына сәйкес,  талап қоюшының талабы толық қанағаттандырылып, жауапкерден оның пайдасына  548 000 теңге қарызы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі