Сот қызметкерлері өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттермен бірге қойылымдық сот отырысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  сот қызметкерлері оқу тәжірибесінен өтіп жатқан студенттермен бірлесіп қойылымдық сот отырысын өткізді.

Іс-шараға Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы А.Ізбасаров және судьялар, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық іс бойынша көрсетілім түріндегі сот процесі аса ауыр санаттағы істерге жататын қылмыстық істер  бойынша өткізілді.

Сот отырысы барысын бақылаған судьялар мен сот мамандары қойылымға қатысушылардың өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезініп,  рөлдерін жоғарғы дәрежеде  сомдап,  сәтті орындағандарын жеткізді.

 Іс-шара соңында А.Ізбасаров сот отырысын жүргізу тәртібіне жоғары баға беріп, қойылымға қатысушы студенттерге біліктіліктері мен ойлау қабілеттерін, сөз сөйлеу шеберліктерін үнемі дамытып отыру қажеттігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде сөз алған студенттер өздеріне үлкен  сенім артып, мүмкіндік берген сот ұжымына алғыстарын білдірді.

Источник: 
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Баспасөз қызметі