«Сот кабинеті» ақпараттық сервисіндегі жаңашылдықтар түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  «Сот кабинетін  насихаттау» атты тақырыпта кездесу өтті.

Іс-шараға  судьялар мен  кеңсе қызметкерлері, ІІБ қызметкерлері  қатысты.

Шараны судья Г.Сүйеуова аша келе, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің қызметі туралы айтып,  сотта заманауи технологияларды кеңінен қолдану халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететініне тоқталды. Сондай-ақ, ол  «Сот кабинеті» арқылы  «Әкімшілік істерді жіберу» жүйесі  әкімшілік материалдарды қағаз түрінде емес,  электрондық түрде жіберуді көздейтінін,  бұл  бюджеттік қаражатты үнемдеп,  электрондық сот өндірісіне өтуге септігін тигізетіндігін атап өтті.  

 Іс-шара соңында аталған сервистің жұмысына қатысты  қойылған  сұрақтарға жауаптар беріліп,  сервисті жетілдіру бойынша ұсыныстар  назарға алынды. Сонымен қатар,  ұйымдармен хат алмасуды тек электронды түрде жүргізу, «Сот кабинеті» сервисі мен «Сот кабинеті сервисінің мобилдік нұсқасын» азаматтар арасында кеңінен настихаттау туралы шешім қабылданды.

 

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі