Өзінің үйіне есірткі заты кептірілген "марихуананы" сақтап қойған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. қасақана, есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау мақсатында өзінің үйіне есірткі заты кептірілген "марихуананы" сақтап қойған жерінен  Жаңаөзен ҚІІБ-ның Есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының құрамымен кептірілген марихуана алынған.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 113450  теңге айыппұл салу жазасы  тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.     

 

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі