Негізсіз төленген жәрдемақы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Әлеуметтік төлемдерді ведомствовалық есептеу орталығы» департаментінің жауапкер С.-ға  қатысты 168 214 теңге негізсіз төленген жәрдемақы соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықтағандай, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облыстық бойынша департаментінің 02.12.2015 жылғы шешімімен жауапкер С-ға төрт және оданда көп балалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 01.01.2016 жылға дейін тағайындалған.

Алайда, Мұнайлы аудандық сотының 18.12.2014 жылғы шешімімен жауапкер С-мен жолдасы А-ның арасындағы неке бұзылған. Тараптардың ортақ үш баласының тұрғылықты жері әкесі А-мен анықталған, ал бір баласының тұрғылықты жері С-мен белгіленген. Яғни, жауапкер 05.01.2015 жылдан 31.08.2016 жылға дейін 168 214 теңге жәрдемақы сомасын негізсіз алған.

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 05.04.1999 жылғы Заңының 4 -бабының 10-тармағына сай  Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға: бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) адамдар жатады.

Сондықтан, сот талап арызды толық қанағаттандырып, жауапкер С.-дан Республикалық бюджет есебіне негізсіз төленген 168 214 теңге сомасын өндіру туралы шешім қабылдады.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі