Медиация арқылы отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында талап қоюшы Т-ның  жауапкер Р-мен неке бұзу туралы  азаматтық іс  қаралды.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізілгеніне байланысты соттан келісімді бекітуін және іс бойынша іс жүргізуін тоқтата тұруын сұрады. Келісімшарт бойынша: талап қоюшы некені бұзу туралы дау бойынша талап қоюдан бас тартуға міндеттеген, ал жауапкер алдағы уақытта жанұя тыныштығын бұзбауға, жанұясын материалдық тұрғыда қолдауға, әдептілікпен балаларына тәрбие беруге міндеттеген.  ҚР Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-бөлігіне сай, егер тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, азаматтық іс жүргізуін қысқартады делінген, мұндай жағдайда іс бойынша азаматтық іс жүргізуді қысқартуға жатады.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Төленген 681 теңге мемлекеттік баж салымы талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі