Марихуана сақтап, өткізгені үшін алты жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. Ақтау қаласы, 5 шағын аудандағы үйінің подъезінде 11,5 грамм есірткі заты марихуананы 4000 теңгеге  заңсыз өткізген. Сондай-ақ, сотталушының үйінде марихуананы заңсыз өткізу мақсатында ірі мөлшерде 60,45 грамм есірткі затын сақтағаны белгілі болды.

Сот үкімімен К. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен (ірі мөлшерде есірткі затын өткізу үшін сақтау және есірткі затын өткізу) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі