Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында азамат Ш.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Ш. үйінде жәбірленуші А-ны ұрып-соғып, дене жарақатын салған.

Тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты, жәбірленуші А.-дан сотқа қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді туралы арыз түсті.

Жаңаөзен қалалық сотының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен айыпталған Ш. осы кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі