Қылмыстық істерде медиация заңдылығын қолдану мәселелері сөз болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында судьялардың, қала прокурорлары мен кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Қылмыстық сот ісі барысындағы медиация» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. 

Семинарды Ақтау қалалық сотының судьясы  Гүлнар Байтұрова ашып, қылмыстық істердің медиациямен қаралатын санаттары туралы баяндады. Сондай-ақ судья өз сөзінде медиациямен аяқталған қылмыстық істерге сараптама жасады.

Келесі кезекте сөз алған «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің  кәсіби медиаторы Әдемі Кемаладинова қоғамда жүргізіліп отырған медиация заңын насихаттау туралы жұмыстарға тоқталды.

Талқылауда прокуратура  органдарының қызметкерлері мен судьялар бұл тақырыпқа қатысты туындайтын өзекті сұрақтар мен медиативтік шарттасудың жағымды жақтары туралы сөз қозғады.

 

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі