Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Әзербайжан Республикасының азаматшасы Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Р. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып,  тіркеу кезінде  көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен  асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Сот қаулысымен Р. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен  ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі