Қолхат арқылы берілген қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында талапкер Б.-ның  жауапкер К-ден қарыз ақша және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 16 желтоқсан 2016 жылы жауапкер талапкерден «Киа Рио» маркалы автокөлігін 3 000 000 теңгеге сатып алып, 1 400 000 теңгесін сол күні беріп, қалған соммасын 07.03.2017 жылға дейін қайтаруға міндеттеніп, қолхат жазып берген. Алайда, жауапкер  көрсетілген мерзімде қарызын қайтармағандықтан, талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот мәжілісінде талапкер осы күнге дейін жауапкер өзіне 570 000 теңге қайтарғанын көрсетіп, жауапкерден  өзінің пайдасына 830 000 теңгені және аталған сомма бойынша сот шығынын өндіріп беруді сұраған.

Мұнайлы аудандық сотымен талапкердің талап арызы қанағаттандырылып, қолхат арқылы берілген қарыз ақша өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі