Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Т. Атамекен селосы, Әли супермаркетінің алдында яғни, қоғамдық орында өзінің шеккен темекісінің қалдығын белгіленбеген  жерге  тастап, қоғамдық  орынды  ластаған.

Сот,  құқық бұзушының  өз  кінәсін  мойындап, шын  жүректен  өкінуін ескеріп, сотпен  жеңілдететін  мән-жайлар ретінде танылуына байланысты, Т-ны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10    айлық есептік көрсеткіш  22690 теңге  айыппұл жазасын   тағайындады.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі