Қоғамдық орынды ластаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен Ә-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ә.  Сайөтес селосының орталық көшесінде «Сарыағаш» сусынының  бос бөтелкесін жерге  лақтырып, яғни ортақ пайдалану орындарын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекеттер жасаған.

Сот қаулысымен  Ә. жоғарыда аталған баппен  кінәлі деп танылып, оған он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыпұл салу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі