Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  442-бабының 3-бөлігімен азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, С. кәмелетке толмаған 2009 жылы туылған Б. есімді қызының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00-ден кейін жүруіне жол берген. Сондай-ақ, ол  осы әрекетті бір жыл көлемінде қайталап жасаған.

Соттың қаулысымен азаматша С. Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салынған  34035 теңге айыппұл сомасы отбасы жағдайын ескеріп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігімен 30 пайызға  қысқартылып, яғни 23 825 теңге көлемінде  айыппұл  салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.      

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі