Әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу)  Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Д. бұрын алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартыла тұра,  Ақтау қаласы, 7 шағын аудан, 8 үйдің жанында  алкогольдік ішімдік ішіп, адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде жүрген.  

Сот құқық бұзушы Д-ны жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танып, оған 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын қолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі