Әкімшілік айыппұл салынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында  Ф-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.    

Сотта анықталғандай, Ф. 08 мамыр 2017 жылы сағат 15:00-ге шақырылған сот орындаушының шақыру қағазын ала тұра, сот орындаушысына сот бұйрығын орындау мәселесі бойынша түсінік беру үшін келмеген.

Сот қаулысымен   Ф. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 665-бабының 1-бөлігімен (Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу) кінәлі деп танылып, оған 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 6 807 теңге әкімшілік айыппұл жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі