Әкімшілік айыппұл салынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Маңғыстау облысының ІІД-нің қызметкерлерінің тексеру нәтижесінде «А» балабақшасы»  МКК-нің директоры Н. өзiне сенiп тапсырылған, террористiк тұрғыдан осал объектінің, яғни балабақшаның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамаған.

Сот қаулысымен Н. ҚР  ӘҚБтК-нің 149-бабының  1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 100 АЕК  мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі