Әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында К-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай,  К. Ақтау қаласы, 29 «а» шағын ауданы, «Сақ» базарына  қарсы тас жолда  «Daewoo Nexia»  маркалы автокөлікті басқарып, алдында жүріп келе жатқан «Kia Sorento» автокөлігімен қақтығыс жасаған. Нәтижесінде «Kia Sorento» автокөлігіне механикалық зақым, ал автокөлік иесіне материалдық зиян келтірілген.

Сотпен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 10  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде   22690  теңге көлемінде әкімшілік айыппұл жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі