Қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Ю-дің жауапкер  А-дан сату-сатып алу шарты бойынша қарыз ақшаны      өндіру  туралы азаматтық  іс  қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың 19 қаңтарында Ю. және А.  арасында нотариалды куәландырылған сату-сатып алу келісім шарты жасалған. Келісім бойынша А. сатып алған тауардың 5 000 000 теңге мөлшеріндегі бөлігін осы жылдың 18 наурызына дейін қайтару туралы міндеттеме алған. Алайда, көрсетілген уақытта жауапкер берешек ақшаны қайтармай, талапкердің қарызды қайтару туралы талабына жауапкер тек «қайтарамын» деген уәде беріп келген.

Сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. 

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі