Есірткі затты өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және тасымалдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық  сотында Н-ға қатысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (есірткі затты өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және тасымалдау) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Н. жұмыстан  үйіне баратын жолда  қағазға оралған есірткі заты кептірілген марихуананы тауып алып, өзінің жеке тұтынуы үшін қалтасына салып алып, заңсыз сақтаған.  Кейін Қаламқас кенорнына жұмысқа  көлік құралымен өзімен бірге есірткі заты марихуананы заңсыз тасымалдап, алып бара жатқан жолда полиция қызметкерлерімен автокөлік тоқтатылып, оның жол сөмкесінен аталған есірткі заты табылып, алынған.

Сарапшының қорытындысы бойынша Н.-нен алынған есірткі заты-жалпы салмағы 37,8 гр. кептірілген марихуана болып табылады.

Маңғыстау аудандық соттының үкімімен  Н.  жоғарыда көрсетілген бап негізінде  кінәлі деп танылып, оған осы баптың бөлігі  бойынша 100  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни мемлекеттің кірісіне  212 100  теңге айыппұл салу жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі