Архив событий

09/08/2016

«Ашық есік» күні өткізіледі

09/08/2016

Ақтау қалалық сотында сот төрелігінің ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беру үшін «Ашық есік» күні өткізілетіні хабарланады.

«Ашық есік» күні Ақтау қалалық сотының ғимаратында 17 тамыз,  2016 жылы, сағат 15.00-17.00 сағаттар аралығында өткізіледі.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы іс қаралды

09/08/2016

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Графика+А» ЖШС-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Бейнеу аудандық сотында кездесу өткізілді

09/08/2016

Медиацияны дамыту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардың аясында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдануының 5 жылдығына орай Бейнеу аудандық сотында сот қызметкерлерінің, Бейнеу ауданы бойынша кәсіби медиатор А.Айлашовтың, адвокат П.Усенгалиевтің, полиция қызметкерлерінің, аудан тұрғындарының қатысуымен кездесу өткізілді.