Архив событий

01/08/2016

Ақтау қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

01/08/2016

Ақтау қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Шара аясында сотқа келген азаматтарды соттың судьясы Ақмарал Ахметова қабылдады.

«Ашық есік күні» «Сот кабинеті» сервисі электронды өзара іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Азаматтық істі қарау барысында сотпен бітімгершілік келісімі бекітілді

01/08/2016

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №2 сотымен аз.Т-ның «АОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келтірген жалақы өндіру, жалақыға қосымша өтемақы төлеу, уақытылы төленбеген жалақыға өсімпұл өндіру, зейнетақы қорына жарнаны аудару және жеке табыс салығын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу

01/08/2016

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 200- бабының 1-бөлігімен (жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –) азаматша Д-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

01/08/2016

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №2 сотында талапкер  А-ның жауапкер Б-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкер талапкерден 500 000 теңге қарыз алған, алайда жауапкер қарыз ақшаны қайтару жөніндегі міндеттемесін тиісті түрде орындамаған.  Сондықтан, талапкер соттан қарыз ақшаны өндіріп беруді сұраған.