Архив событий

12/08/2016

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру

12/08/2016

Бейнеу аудандық соты Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, Т.  шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу қағидасын бұзып,  Өзбекстан Республикасының азаматшасы Н-ны 40 000 теңгеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізіп жіберу үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырған.

Бекіре балықты заңсыз тасымалдаған азаматшаға үкім шықты

12/08/2016

Түпқараған аудандық соты азамат Ж-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысында белгілі болғандай, азамат Ж. Форт-Шевченко қаласының орталығында орналасқан  автотұрақта белгісіз тұлғадан 6 дана жалпы салмағаы 17,3 кг. бекіре тұқымдас балықтарын 17000 теңгеге сатып алған.

Ақтау қаласы №2 сотының шешімімен қызметкер бұрынғы Вице-президент лауазымына қайта тағайындалды

12/08/2016

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №2 сотымен талапкер М.Сактагановтың  жауапкер «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ-на келтірген директорлар кеңесінің мекеменің Вице-президенті лауазымын мерзімінен бұрын қысқартып, жұмыстан босату туралы шешімі мен жұмыс берушінің бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жою және бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген күндерінің жалақысын өндіру, моральдық шығын өтеу туралы азаматтық ісі қаралған.