Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьяның қатысуымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен  реттеу туралы келісім бекітілді.

Талап қоюшы М. жауапкер «Оңды» өндірістік кооперативіне ауызша мәмілені заңды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінген.  Азаматтық іс бойынша тараптар дауды өз құқықтарын пайдалана отырып, судьяның қатысуы арқылы медиация  тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 10.09.2017 жылға дейін 800 000 теңгеге бағаланған «Ұшан» жеріндегі 1 пәтерлі тұрғын үйі мен мал қорасын беруге міндеттенді, ал талап қоюшы  жауапкерге ауызша мәмілені заңды деп тану туралы талабынан бас тартты.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы бітімге келгендіктен,  іс өндірісі қысқартылды.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі