Бірқатар аудандық және оған теңестірілген соттарда 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шаралар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мерекеге орай аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары салтанатты қабылдау ұйымдастырып, еңбегімен ерекшеленген БАҚ басшылары мен журналистерді, операторлар мен осы саладағы өзге де қызметкерлерді марапаттады.

Түпқараған аудандық соты  «Ақкетік арайы» газетінің ұжымын құттықтап, тілшілерге арнап мерекелік дастархан жайды. Аталған соттың төрағасы Н.Тұржанов  тілшілік қызмет риясыздық, шынайылық, кәсибілік, жауапкершілікпен қатар қоғамға тиімді әрі сауатты ақпарат жеткізуді талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, сот қызметкерлері ұлы Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқып, заң мен әділдік, сөз бен ақыл туралы ой-тұжырымдарын ортаға салды. Сот төрағасы журналистердің қоғамдағы рөлі мен сот жүйесіндегі орны туралы пікірін білдірді. Рухани ағарту бағытында өткізілген кездесу өте әсерлі болып, жиын соңы марапаттауларға ұласты.

Ал, Бейнеу аудандық сотының ұжымы «Рауан» қоғамдық-саяси газетінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап барды. Сот төрағасы И.Досетов газет ұжымына шығармашылық табыс, отбасыларына бақыт тілеп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Кездесу барысында соттағы ашықтық пен жариялылық, жаңа құқықтық реформалар, сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар әңгімеге арқау болды.

Сонымен қатар, журналистер де сот жүйесі туралы өз ой-пікірлерін білдірді.

Қарақия аудандық сотының төрағасы Б.Шайдуллин мен кеңсе меңгерушісі Л.Кенжеева жергілікті «Қарақия» газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, аталған газеттің бас редакторына сот қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі ақпарат таратып, белсенді жұмыс атқаруға септігін тигізгені үшін алғыс хат тапсырса, журналистерге естелік сый-сияпат жасалды. Өзара ықтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін газет ұжымына зор алғыс білдірілді.

Ал, Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Қ.Рысқалиева сот билігі институтының оң имиджін қалыптастырып, өзгерістер мен жаңалықтар  туралы қалың көпшілікті дер кезінде хабардар етіп, ақпараттық қолдау көрсетіп  жүрген БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен  салтанатты түрде құттықтады. Соның ішінде жергілікті «Қазақстан Ақтау», "Қазақстан"  телеарналарының телеоператорлары мен режиссерлары да марапаттардан қалыс қалмады. Сот төрағасы кездесу барысында журналистерге сот жүйесіндегі қызықты жайттар, судьялардың қоғамдық жұмыстары, жұмыстан кейінгі спорттық шараларға қатысатындығы туралы айтып өтті.

Жаңаөзен қалалық сотында өткен салтанатты шараға судьялар мен сот қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы  Ж.Жанәділов соттың атынан БАҚ өкілдеріне соттың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізу еңбектері зор екенін атап өтті және сый-сияпаттарын тапсырды.

Марапатталғандардың ішінде «Жаңаөзен» және «Жаңаөзен жаршысы» газеттерінің бас редакторы және «Қазақстан Жаңаөзен» телеарнасы филиалының жетекшісі Әндірғали Мәлік Тезбергенұлы болды.

Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдының өкілдері  қалалық сот ұжымына алғыстарын білдірді.

Осындай шаралар Жаңаөзен қаласындағы әкімшілік сот пен Маңғыстау аудандық соттарында да өтті. Сот төрағалары кездесу барысында Ұлт Жоспары шеңберіндегі реформаларды кеңінен насихаттауға, республика судьяларының VII съезінің өткізілуі мен онда Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу барысын ақпараттық сүйемелдеуге қосқан БАҚ өкілдерінің еңбектерін айрықша атап өтті.

Осылайша сот жүйесіндегі маңызды оқиғалар мен ақпараттарды жедел әрі объективті түрде жариялаған бірнеше журналистерге құрмет көрсетілді.

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі