Бейнеу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі алғыс хатпен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Шараға Бейнеу аудандық сотының төрағасы И.Досетов, Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықов, аудандық соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Жиын барысында К.Машырықов Бейнеу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Өтегеноваға аудан әкімінің атынан «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны» үшін алғыс хат тапсырды.

 

 

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі