Бейнеу аудандық сотында Елбасы мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы И.Досетов және судьялар, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Аталған шарада сөз алған судья А.Усербаева маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық сананы жаңғырту мәселесінің маңыздылығына тоқталды.  Әсіресе, қазақ тілін біртіндеп латынға ауыстыру, «Жаңа гуманитарлық білім», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» атты Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты ұсынған жобалары туралы кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда Қазақстанның алдында тұрған әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру мақсатына жетуі үшін әрбір азамат бәсекеге қабілеттілік, прагматизм секілді қасиеттерге ие болуы тиіс  екенін тілге тиек етті.

Шара қорытындысы бойынша қатысушылар да мақалаға қатысты өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі