Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында  талапкер Д-ның жауапкер О-дан 1 850 000 теңге қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның шарты бойынша жауапкер қарызын 2015 жылдың наурыз айына дейін қайтаруға міндеттеніп, талапкер оған келісіп талабынан бас тартатынын көрсетіп, осы келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрап өтініш білдірген.

Қазақстан Республикасының АПК-нің 277-бабының 6-бөлігіне сәйкес, тараптар істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді.

Сот, азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізуді өндірістен қысқартты.  

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі